
Жаппаров Галымбек Махмутович 1979 жылы 14 қаңтарда Қызылорда облысы Сырдария ауданы Қоғалыкөл ауылында дүниеге келген. 1986 жылы №44 орта мектепке 1-сыныпқа қабылданып, 1996 жылы 11 сыныпты бітірген. 1996-2000 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда меммлекеттік университеті «физика қосымша математика пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша диплом алған. 2000 жылы 1 қыркүйекте №44 орта мектепке физика –математика пәнінің мұғалімі болып қабылданған. 2002-2005 жылдары №44 орта мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2005-2007 жылдары №44 орта мектепте физика пәнінің мұғалімі, 2007-2008 жылдары Қызылорда қалалық №6 кәсіптік мектепте математика пәнінің оқытушысы. 2009 жылы 5 қарашадан Жетікөл ауылындағы №174 орта мектепте физика пәнінің лаборанты, 2010 жылы №174 орта мектепте физика пәнінің мұғалімі, 2010-2011 жылдары №174 орта мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2011-2013 жылдары №174 орта мектепте директордың бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары, 2013-2018 жылдары №174 орта мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары. 2018-2024 жылдары Іңкәрдария ауылындағы №191 орта мектебінің директоры қызметін атқарған. 2024 жылдың 31 қаңтарынан бастап №44 орта мектепте директор және математика пәнінің мұғалімі қызметін атқарып келеді.
2014 жылы Сырдария аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлері кәсіподағының аудандық комитетінің Құрмет грамотасымен,
2015 жылы аудан әкімінің Алғыс хатымен,
2016 жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына Сырдария аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлері кәсіподағының аудандық комитетінің Құрмет грамотасымен,
2018 жылы Облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемовтың Алғыс хатымен,
2019 жылы Облыстық білім басқармасының
Құрмет грамотасымен.
2019 жылы Сырдария аудандық білім бөлімінің Алғыс хаты,
2020жылы Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының Құрмет грамотасы,
2021 жыл «Нұр-Отан» партиясының Алғыс хатымен,
2022 жылы Қазақстандық салалық біллім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының Құрмет грамотасымен марапатталған
Жұбайы Назерке және 2 ұлы, 1 қызы бар.